17.11.2025 20:31
«Барселона» «Камп Ноуға» оралады
17.11.2025 20:31
«Барселона» төл стадионы «Камп Ноуға» оралатынын хабарлады

«Блауграна» Ла Лиганың 13-турындағы «Атлетикке» қарсы ойынды су жаңа аренада өткізеді. Кездесу 22 қараша күні сағат 20:15-ке жоспарлаған.
Бұл матчты 45 401 жанкүйер трибунадан тамашалай алады. Клуб сыйымдылықты арттыру үшін жұмыс істеп жатыр.
Айта кетейік, кешеннің құрылысы 2023 жылы басталған еді. Каталонияның ұжымы «Камп Ноудағы» соңғы матчын сол жылдың 23 мамырында «Мальоркаға» (3:0) қарсы өткізген. Содан бері клуб «Олимпик Льюис Компанис» пен «Эстади Йохан Кройфф» стадиондарын паналап жүрді.