17.11.2025 20:10
Хулиан Альварес ПСЖ-ға ауысуы мүмкін
17.11.2025 20:10
«Атлетико» шабуылшысы Хулиан Альварес мансабын ПСЖ-да жалғастыруы мүмкін

Саша Тавольеридің хабарлауынша, 25 жастағы Аргентина ойыншысын Луис Энрике өз командасында көргісі келеді.
Ал «Атлетико» Хулианды 120 миллион еуроға сатуға әзір екен.
Альварес Ла Лиганың осы маусымында 12 ойында жеті гол соғып, екі нәтижелі пас берді.