17.11.2025 17:02

«Ливерпуль» Конатенің жауыбын күтеді

17.11.2025 17:02

«Ливерпуль» Конатеге соңғы ұсынысын жасады

Белгілі инсайдер Саша Тавольеридің хабарлауынша, «Ливерпуль» қорғаушыға келісімшартты ұзарту жөнінде соңғы ұсынысын жолдаған. Клуб тарапынан қаржылай жағынан өте тиімді шарттар ұсынылғаны айтылады. Енді мерсисайдтықтар 26 жастағы қорғаушының жауабы алдағы аптада белгілі болады деп күтуде.

Қазіргі таңда Конате болашағына қатысты нақты шешім қабылдамаған. Ол «қызылдар» сапында мансабын жалғастыра ма, әлде еркін агент ретінде «Реалға» ауысу мүмкіндігін қарастыра ма? Алдағы аптада белгілі болуы бек мүмкін.

Конате 2021 жылдан бері «Ливерпульдің» намысын қорғап келеді. Осы жазда келісімшарт мерзімі аяқталады.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram