17.11.2025 16:52

«Барселона» жас талантқа көз тікті

17.11.2025 16:52

«Барселона» неміс футболының жаңа жұлдызына көз тікті

Соңғы апталарда назарға іліккен жас таланттардың бірі – «Кёльн» клубының 19 жастағы жартылай қорғаушысы Эль Мала. Жас ойыншы алғаш рет Германия ұлттық құрамасына шақыртылды.

«Барселона» бұл футболшының өнерін біраздан бері бақылап жүр. Клуб скауттары оның жылдамдығын, дриблингін және шешуші сәттерде дұрыс шешім қабылдай білу қабілетін жоғары бағалауда. Клуб соңғы жылдары жас ойыншыларға басымдық беріп келеді.

Әзірге ресми келіссөздер жүргізілмеді. Дегенмен ойыншы өзіне алпауыт команда қызығып отырғанынан хабардар.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram