17.11.2025 15:58

Каземиро Неймар туралы айтты

17.11.2025 15:58

Каземиро: «Бразилия құрамасы Неймардың шеберлігін әлі де тиімді қолдана алады»

Бразилияның жартылай қорғаушысы Каземиро ұлттық құрама үшін маңызды деп есептейтін oyunшысын атады. Оның пікірінше, командаға Неймар секілді шыңдалған ойыншыларды алдыңғы шепте дұрыс пайдалану қажет.

Каземиро өз сөзінде Аргентина құрамасының Әлем чемпионатындағы тәжірибесін мысалға келтірді. Ол Месси бастаған жігіттердің қалай чемпион атанғанын түсіндіріп көрді.

«Аргентина Месси үшін ойнады. Олар төмен блокта қорғанып, Месси алдыңғы шепте қалды. Ойын нүктесін қоятын мүмкіндігі бар. Неймармен де дәл солай жасауға болады. Мұндай деңгейдегі шеберліктен бас тартуға болмайды, олар тым талантты», - дейді ол.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram