17.11.2025 15:47

«Астон Вилла» Санчоға жаңа келісімшарт ұсынбады

17.11.2025 15:47

«Астон Вилла» Санчоның келісімшартын ұзартпайды

«Астон Вилла» жазғы трансферлік кезеңде өз ойыншыларының бірімен қош айтыспақ. Белгілі инсайдер Фабрицио Романоның хабарлауынша, клуб Санчомен келісімшартты ұзартпайды. Қазіргі келісім 2026 жылдың жазында аяқталады. Жазда еркін агент атанатын шабуылшы жаңа клуб қарастыруда.

Ойыншыны қатарға қосу үшін бірнеше клуб байланысқа шыққан. Дегенмен ресми келіссөздер басталмады.

Джейдон Санчо биыл ғана «Челси» сапынан ауысып келген еді.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram