17.11.2025 14:30
Кейн «Алтын допқа» қатысты пікір білдірді
17.11.2025 14:30
Харри Кейн: «100 гол соқсам да, Чемпиондар лигасын немесе әлем чемпионатын жеңбесем – «Алтын доп» алмаймын»

Англия құрамасының және «Бавария» клубының шабуылшысы Харри Кейн жеке статистиканың өзі футболшыны жылдың үздігі етпейтінін айтты. Оның пікірінше, «Алтын допқа» басты талап – жеке көрсеткіштерден бөлек, командалық жетістіктер.
«Мен маусымда 100 гол соқсам да, егер Чемпиондар лигасын немесе әлем чемпионатын жеңбесем, «Алтын доп» алмаймын. Бұл Холандқа да, басқа ойыншыларға да қатысты», – деді ол.
Айта кетейік, Англияға құрамасы іріктеу кезеңінде ұпайдан шашау шығармай, сенімді түрде ӘЧ жолдама алған еді.