17.11.2025 12:42

«Наполи» бапкер ауыстыруы мүмкін

17.11.2025 12:42

«Наполи» бас бапкері Антонио Конте қызметінен кетуі мүмкін

Паскуале Гуарроның хабарлауынша, 56 жастағы маманның басшылықпен арасы мәз емес екен. Осыған байланысты қос тарап келісімшартты бұзуы мүмкін.

Ал Контенің орнын басуға «Ювентус» пен «Болоньяның» бұрынғы жетекшісі Тьяго Мотта басты үміткер болып тұр. Наурыз айынан бері жұмыссыз жүрген жергілікті тәлімгер «Наполимен» байланыс орнатып үлгерген.

Айта кетейік, 11 турдан кейін 22 ұпай жинаған Неапольдің клубы Италия чемпионатында төртінші орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram