17.11.2025 12:14

Виктор Осимхен жарақат алды

17.11.2025 12:14

Нигерия мен «Галатасарай» шабуылшысы Виктор Осимхен жарақат алды

26 жастағы ойыншы Конго ДР құрамасына қарсы ойында бұлшық етін зақымдап алыпты.

Осыған байланысты қатардан шықты. Ал алаңға қашан оралатыны жақында өтетін медициналық тексерістен кейін белгілі болады.

Айта кетейік, Осимхен осы маусымда 12 ойынға қатысып, тоғыз гол соқты.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram