17.11.2025 11:24
«Ньюкасл» ойыншысы ат басын Манчестерге бұруы мүмкін
17.11.2025 11:24
«Ньюкасл» қорғаушысы Тино Ливраменто мансабын Манчестерде жалғастыруы мүмкін

Бен Джейкобстың хабарлауынша, 25 жастағы ойыншыны «Манчестер Сити» келер жазда қатарына қосуды көздейді.
Сондай-ақ Англия құрамасының футболшысына «Манчестер Юнайтед» те көз тігіп отыр екен.
Айта кетейік, Ливраменто осы маусымда сегіз ойынға қатысып, бір нәтижелі пас берді.