17.11.2025 09:45

Африканың «жыл ойыншысы» атағына үміткерлер

17.11.2025 09:45

Африканың 2025 жылдағы «үздік ойыншысы» атағынан дәмелі үш футболшы белгілі

Дауыс беру нәтижесінде финалдық кезеңге Мұхамед Салах («Ливерпуль», Египет), Ашраф Хакими (ПСЖ, Марокко) және Виктор Осимхен («Галатасарай», Нигерия) шықты.

Жеңімпаз 19 қараша күні Мароккода өтетін марапаттау рәсімінде белгілі болады.

Айта кетейік, былтыр бұл жүлде «Аталанта» мен Нигерия шабуылшысы Адемола Лукманға бұйырған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram