17.11.2025 09:21
Рубен Невеш Еуропаға оралуы мүмкін
17.11.2025 09:21
«Әл-Хиләл» жартылай қорғаушысы Рубен Невеш мансабын Италия чемпионатында жалғастыруы мүмкін

Экрем Конурдың мәліметінше, Португалия құрамасының ойыншысына «Интер» көз тігіп отыр.
28 жастағы хавбектің өзі клуб ауыстыруға дайын екен. Бірақ, әлі ресми келіссөз басталмапты.
Невеш осы маусымда 13 ойында үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді.