17.11.2025 08:54

Зидан Франция бас бапкері атанады

17.11.2025 08:54

Зинедин Зидан келер жазда Франция құрамасын тізгіндейді

AS хабарлауынша, қос тарап сөз байласып қойыпты. Осыған байланысты Зидан «Реал», «Фенербахче» секілді клубтардың ұсыныстарынан бас тартқан екен.

Ал қазіргі бапкер Дидье Дешам бұған дейін орнын босататынын айтқан еді. Бүгінде 57 жастағы маман Сауд Арабиясының командаларымен келіссөз жүргізіп жатыр.

Еске салсақ, Зидан 2016-2021 жылдар аралығында «Реалды» жаттықтырды. Осы аралықта командамен бірге 11 трофей жеңіп алды. Сондай-ақ екі маусым (2016/17, 2017/18) қатарынан жылдың үздік бапкері атанды. «Зизу» «бланкостан» кеткелі жұмыссыз жүр.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram