17.11.2025 00:00
Англия сенімді жеңіске жетті
17.11.2025 00:00
Англия 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу турнирінің соңғы ойынында сырт алаңда Албаниядан басым түсті

Тиранада өткен кездесу 2:0 есебімен аяқталды. Ағылшындардың сапында Харри Кейн дубль авторы атанды.
Осылайша «үш арыстандар» іріктеуді мінсіз аяқтады. Сегіз ойыннан бірде-бір гол жібермей толық 24 ұпайды жинаған Томас Тухельдің шәкірттері К тобында топ жарды.
Еске салсақ, Англия мундиальға жолдаманы екі тур бұрын алып қойған еді.