16.11.2025 21:04

Португалия Әлем чемпионатына шықты

16.11.2025 21:04

2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу турнирінің соңғы ойынында Португалия өз алаңында Арменияны ойсырата жеңді

Портудағы «Драгау» стадионында өткен кездесуде 9:1 есебі тіркелді. Алаң иелері сапында Жоау Невеш пен Бруну Фернандеш хет-трик жасаса, Гонсалу Рамуш, Ренату Вейга және Франсишку Консейсау бір голдан соқты.

Ал Криштиану Роналду бұл кездесуге дисквалификацияға байланысты қатыспады. 40 жастағы шабуылшы Ирландияға (0:2) қарсы кездесуде қызыл қағаз алған еді.

Осылайша Португалия тарихында тоғызыншы рет мундиальға жолдама алды. «Селесао» жаһан додасындағы үздік нәтижесін 1966 жылы Англияда тіркеген. Ол кезде қоланы қанағат тұтты.

Айта кетейік, ӘЧ-2026 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram