16.11.2025 18:05
Гринвуд Бірінші лиганың үздік ойыншысы атанды
16.11.2025 18:05
«Марсель» вингері Мэйсон Гринвуд Франция Бірінші лигасының қазандағы үздік ойыншысы атанды

24 жастағы ағылшын өткен айда төрт матчта бес гол соқты. Оның төртеуін «Гавр» (6:2) қақпасына тоғытты.
Осылайша дауыс беруде Хоакин Паниччели («Страсбур») мен Софиан Диопты («Ницца») шаң қаптырды.
Гринвуд осы маусымда жалпы 15 ойында тоғыз гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Ал 12 турдан кейін 25 ұпай жинаған оның командасы турнир кестесінде екінші орында келеді.