16.11.2025 14:43
Доку: Бельгия Әлем чемпионатында түк бітіре алмайды
16.11.2025 14:43
Бельгия құрамасының вингері Жереми Доку командасының әлеуеті жайлы айтты

– «Бәлкім, бізге сәттілік жетіспеген шығар. Бірақ, ойынымыздың сүреңсіз екені рас. Бұны Солтүстік Македониямен болған ойында және бүгінгі Қазақстанмен матчта да байқадық. Де Брюйне, Куртуа, Лукакусыз жеңіске жете алмаған Бельгия Әлем чемпионатында да түк бітіре алмайды,– деді «Манчестер Сити» ойыншысы.
Айта кетейік, Бельгия кеше «Астана Аренада» Қазақстанды (1:1) жеңе алмаған еді.