16.11.2025 13:31
«Манчестер Сити» ойыншысы «Ньюкаслға» ауысуы мүмкін
16.11.2025 13:31
«Манчестер Сити» қақпашысы Джеймс Траффорд мансабын «Ньюкаслда» жалғастыруы мүмкін

TEAMTalk хабарлауынша, «сауысқандар» 23 жастағы голкиперді қыста қатарына қосып алғысы келеді.
Джеймс Джанлуиджи Доннарумма келгелі қосалқы құрамның ойыншысына айналып барады. Ал оған бұл ұнамайды екен.
Еске салсақ, Траффорд «қалалықтар» сапына өткен жазда «Бернлиден» ауысып келген еді. Осы аралықта бес ойында бес гол жіберіп, екі матчта қақпасына доп өткізбеді.