16.11.2025 10:17
Испания өз рекордын жаңартты
16.11.2025 10:17
Испания ӘЧ-2026 іріктеу турнирі аясында Грузияны 4:0 есебімен тізе бүктірді

Осылайша Луис де ла Фуэнтенің шәкірттері жеңіліссіз сериясын 30 ресми матчқа жеткізді.
«Қызыл фурия» соңғы рет сонау 2023 жылдың 29 наурызында Шотландияға (0:2) есе жіберген еді. Осы аралықта 25 рет жеңіске жетіп, бес мәрте тең түсті. Сондай-ақ Ұлттар Лигасы (2023) мен Еуропа чемпионатында (2024) топ жарды.
Ал Испанияның бұған дейінгі рекорды 2010-2013 жылдары тіркелген. Ол кезде Винсенте дель Боскенің командасы 29 матч (24 жеңіс, 5 тең) қатарынан жеңілістің кермек дәмін татпаған.
Айта кетейік, құрамалар арасындағы ең ұзақ жеңіліссіз серия Италияға тиесілі. «Скуадра Адзурра» 2018-2021 жылдары 37 матч қатарынан (29 жеңіс, 9 тең) міз бақпады.