16.11.2025 00:02

Испания Грузияны тізе бүктірді

16.11.2025 00:02

2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында Испания сырт алаңда Грузияны 4:0 есебімен жеңді

Матчта Микель Оярсабаль дубль жасаса, Мартин Субименди мен Ферран Торрес бір голдан соқты.

Осылайша бес ойыннан кейін ұпайдан шашау шығармай келе жатқан «қызыл фурия» Е тобында жеке-дара көш бастады.

Луис де ла Фуэнте шәкірттері іріктеудегі соңғы ойынын 18 қараша күні Түркияға қарсы өткізеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram