15.11.2025 22:52

Қазақстан құрамасы Нидерландқа есе жіберді

15.11.2025 22:52

Еуро-2026 турниріне бірінші іріктеу кезеңінің екінші матчында Қазақстан U19 құрамасы сырт алаңда Нидерландқа 1:2 есебімен есе жіберді

Бізден жалғыз голды Алдияр Нұрғали соқты.

Екі ойыннан кейін үш ұпай жинаған құрамамыз 1-топта екінші орында келеді. Енді біздің жігіттер 18 қарашада Кипрды қабылдайды.

Айта кетейік, іріктеудің екінші кезеңіне топтың екі үздік ұжымы жолдама алады. Ал негізгі турнир келер жазда Уэльсте өтеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram