15.11.2025 20:51

Қазақстан құрамасы Бельгиядан ұпай алды

15.11.2025 20:51

2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы өз алаңында Бельгиямен тең ойнады

«Астана Аренада» өткен кездесуде 1:1 есебі тіркелді. Бізден «Қайраттың» дүлдүлі Дастан Сәтпаев гол соқты. Ал қарсылас сапында «Брюггенің» жартылай қорғаушысы Ханс Ванакен мергендік танытты.

Сондай-ақ 79-минутта «Тобылда» ойнайтын Ислам Чесноков алаңнан қуылып кетті.

Осылайша ел құрамасы үшін ӘЧ-2026 іріктеу турнирі аяқталды. Сегіз ойыннан кейін сегіз ұпай жинаған біздің жігіттер J тобында төртінші орынға жайғасты.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram