15.11.2025 19:21
«Арсенал» ойыншысы қатардан шықты
15.11.2025 19:21
Италия мен «Арсенал» қорғаушысы Риккардо Калафьори қатардан шықты

23 жастағы ойыншы жамбасындағы жарақатына байланысты құрама қосынынан кетіп қалды.
Ол бұған дейін дәл осы себеппен Молдовияға (2:0) қарсы ойынға да қатыспаған еді.
ӘЧ-2026 іріктеу кезеңінде жеті ойында 18 ұпай жинаған «скуадра адзурра» I тобында екінші орында келеді. Дженнаро Гаттузо шәкірттері соңғы турда 16 қараша күні Норвегияны қабылдайды.