15.11.2025 17:52
Қазақстан – Бельгия: негізгі құрамдар белгілі болды
15.11.2025 17:52
2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің соңғы турында Қазақстан Бельгиямен кездеседі
Ойын алдында қос команда негізгі құрамын жариялады:
Қазақстан: Анарбеков – Вороговский, Әліп, Қасым, Қайыров – Тапалов, Оразов – Кенжебек, Самородов, Чесноков – Сәтпаев.
Бельгия: Селс – Сейс, Де Винтер, Теате, Кастань – Онана, Раскин – де Кетеларе, Ванакен, Доку – Троссард.
«Астана Аренада» өтетін кездесу сағат 19:00-де басталады. Матчты Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.