15.11.2025 15:55
Гари Линекер тарихтағы үздік футболшыны атады
15.11.2025 15:55
Англия құрамасы мен «Барселонаның» бұрынғы ойыншысы Гари Линекер тарихтағы үздік футболшыны атады

– «Мен үшін Лионель Месси – тарихтағы үздік футболшы. Ол мүмкін болған трофейдің бәрін дерлік жеңді. Адам сенгісіз нәтижелер тіркеді. Әлі күнге дейін алаңда ойқастап жүр. Ал Роналду – үздік сұрмерген»,– деді Линекер.
Айта кетейік, Месси осы маусымда MLS-те 31 ойында 34 гол соғып, 17 нәтижелі пас берді.