15.11.2025 12:09
«Манчестер Юнайтед» Каземироға келісімшарт ұсынды
15.11.2025 12:09
Каземиро «Манчестер Юнайтедте» қалуы мүмкін

Indykaila News хабарлауынша, манкуниандықтар 33 жастағы жартылай қорғаушымен келісімшартты ұзартуға дайын.
Бірақ, жаңа құжатқа сәйкес, Каземироның жылдық жалақысы 1,6-2 миллионды құрайды екен. Ал қазір ол 5 миллионға жуық табыс тауып жүр.
Сондай-ақ Бразилия ойыншысына Сауд Арабиясы клубтары да қызығушылық танытып отыр.
Каземиро осы маусымда АПЛ-де 10 матчта үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді.