15.11.2025 10:53
Винисиус АПЛ-ге ауысуы мүмкін
15.11.2025 10:53
«Реал» вингері Винисиус Жуниор мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғастыруы мүмкін

Fichajes хабарлауынша, Бразилия ойыншысына «Челси» көз тігіп отыр. Лондонның клубы 25 жастағы футболшыға 150 миллион еуро ұсыныс жасауға дайын екен. Бұрын-соңды «Челси» трансфер үшін мұндай қомақты сома жұмсамаған.
Клуб басшылығы шабуыл шебінде кіл бразилиялықтарды көргісі келеді. Сондықтан Эстевао мен Жоао Педроның қасына Винисиусты қоспақ.
Винисиус осы маусымда 16 ойында бес гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.