15.11.2025 12:38
«Барселона» бес шабуылшыға көз тікті
15.11.2025 12:38
«Барселона» шабуыл шебін күшейтпек

Фернандо Полоның хабарлауынша, Каталонияның клубы «Атлетикодағы» Хулиан Альваресті өз қатарынан көргісі келеді.
Сондай-ақ «блауграна» Харри Кейн («Бавария»), Виктор Осимхен («Галатасарай»), Серу Гирасси («Боруссия» Дортмунд) және Этта Йонгқа («Леванте») қызығушылық танытып отыр екен.
Айта кетейік, 12 турдан кейін 28 ұпай жинаған «Барселона» Испания Ла Лигасында екінші орында келеді.