15.11.2025 16:26

«Реал» ойыншысы қатардан шықты

15.11.2025 16:26

Испания құрамасы мен «Реал» қорғаушысы Дин Хёйсен жарақат алды

20 жастағы ойыншы кеше жаттығу барысында бұлшық етін зақымдап алыпты.

Осыған байланысты Грузияға қарсы ойынға қатыспайтын болды. Ал нақты қашан оралатыны әзірге белгісіз.

ӘЧ-2026 іріктеу турнирі аясында өтетін Испания – Грузия матчы бүгін, 15 қараша сағат 22:00-ге жоспарланған. Ойынды Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram