15.11.2025 19:42
Дастан Сәтпаев рекорд орнатты
15.11.2025 19:42
ӘЧ-2026 іріктеу турнирінің соңғы турында Қазақстан өз алаңында Бельгияны 1:0 есебімен жеңіп жатыр

Матч есебін 9-минутта Дастан Сәтпаев ашты.
Осылайша Дастан Қазақстан құрамасында гол соққан ең жас ойыншы атанды. Сәтпаев бұл көрсеткішті 17 жас 95 күнінде орнатты.
Ал бұған дейінгі рекорд 2018 жылы тіркелген еді. Ол кезде Еркебұлан Сейдахмет 18 жас 50 күнінде Венгрия қақпасының торын тулатқан.