15.11.2025 21:31
Темірлан Анарбеков: команданың рухын көрсеттік
15.11.2025 21:31
Қазақстан құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбеков Бельгияға (1:1) матчтан кейін пікір білдірді

– «Біріншіден, Ассалаумағалейкум! Ойын тартысты әрі қиын болды. Командаластарыма рақмет айтамын. Жанкүйерлерге де алғысым шексіз. Қолдау күшті болды, керемет. Тіпті алаңда бір-бірімізді ести алмай қалдық. 10 ойыншымен Бельгияға қарсы 1:1 ойнау – ойға сыймайтын нәтиже. Команданың рухын көрсеттік. Өзімізге сенімді болдық. Бұйырса, бұдан да жоғары көрсеткіштерге жетеміз деген ойдамын»,– деді Темірлан.
Темірлан Анарбеков бұл кездесуде сегіз сейв жасап, Flashscore нұсқасы бойынша Қазақстан құрамасының үздік ойыншысы атанды. 22 жастағы қақпашымыздың ойынына белгілі қосымша 8.1 деген баға берді.