16.11.2025 09:48
Олисе АПЛ-ге ауысуы мүмкін
16.11.2025 09:48
«Бавария» вингері Майкл Олисе мансабын Англияда жалғастыруы мүмкін

Fichajes хабарлауынша, 23 жастағы французға «Ливерпуль» көз тігіп отыр. Мерсисайдтың клубы оны Мұхамед Салахтың орнын баса алатын таптырмас футболшы ретінде көреді. Сондықтан қомақты ұсыныс жасауға дайын екен.
Олисе осы маусымда 17 матчта жеті гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.