16.11.2025 10:42
Ферран Торрес 100-голын соқты
16.11.2025 10:42
Испания шабуылшысы Ферран Торрес ӘЧ-2026 іріктеу турнирінде Грузияға (4:0) қақпасының торын бір рет тулатты

Осылайша мансабындағы голдар санын 100-ге жеткізді. 25 жастағы футболшы «Барселонада» – 51, «Манчестер Ситиде» – 16, «Валенсияда» – 9 және ұлттық құрамада – 24 рет мергендік танытты.
Ферранға бұл межені бағындыру үшін 376 матч қажет болды. Сондай-ақ жалпы 48 нәтижелі пас берген.
Айта кетейік, Торрес осы маусымда «Барселона» сапында 14 матчта жеті гол мен бір ассисттің авторы атанды.