16.11.2025 17:37
«Милан» ойыншысы қатарға оралды
16.11.2025 17:37
«Милан» жартылай қорғаушысы Адриен Рабьо қатарға оралды

30 жастағы француз жарақатынан толық айығыпты. Сейсенбі күннен бастап топтық жаттығуға қосылады екен.
Осыған байланысты 24 қарашада өтетін «Интерге» қарсы дербиді бірінші минуттан бастауы бек мүмкін.
Рабьо осыған дейін құрамада сол аяғының бұлшық етін зақымдап алып, салдарынан соңғы алты матчқа қатыспаған еді.
Ал осы маусымда А Сериясында төрт матчта төбе көрсетіп, бір нәтижелі пас берді.