16.11.2025 20:35

Габриэль мен Калафьори қашан оралады?

16.11.2025 20:35

«Арсенал» қорғаушылары Габриэль Магальяэс пен Риккардо Калафьоридің жағдайы белгілі болды

Бразилия ойыншысы Габриэль Сенегалға (2:0) қарсы жолдастық кездесуде оң аяғының санын зақымдап алған еді. Осыған байланысты 3-6 апта көлемінде алаңға шыға алмайды.

Ал жамбасы сыр берген Италия футболшысы Калафьоридің жарақаты соншалықты ауыр емес екен. Ол 23 қарашада өтетін «Тоттенхэмге» қарсы дербиге дайын болады.

Айта кетейік, 11 турдан кейін 26 ұпай жинаған «Арсенал» Ағылшын Премьер-лигасында көш бастап тұр.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram