16.11.2025 21:33

Трой Пэрротт Ирландияға үміт сыйлады

16.11.2025 21:33

Ирландия 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу турнирінің соңғы ойынында Венгрияны 3:2 есебімен тізе бүктірді

Жеңімпаз команданың сапында Португалия (2:0) қақпасына екі гол соққан Трой Пэрротт хет-трик жасады.

Осылайша Ирландия F тобында екінші орынды иеленіп, плей-офф кезеңінде ойнауға мүмкіндік алды. Ал Венгрия болса мундиальдан тыс қалды.

Айта кетейік, ӘЧ-2026 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram