16.11.2025 23:59

Франция керемет камбэк жасады

16.11.2025 23:59

Франция Әлем чемпионатына іріктеу турнирінің соңғы ойынында сырт алаңда Әзербайжанды тізе бүктірді

Бакуде өткен кездесу 1:3 есебімен аяқталды. Матч есебін Ренат Дадашов ашып, жергілікті жанкүйерлерді қуантқан еді. Алайда қонақтар бұл голға үш доппен жауап қайырды. Француздардың сапында Жан-Филипп Матета мен Манес Акилуш мергендік танытты. Сондай-ақ қақпашы Шахруддин Магомедалиев автогол авторы атанды.

Осылайша Дидье Дешамның шәкірттері іріктеуді 16 ұпаймен аяқтап, D тобында үздік атанды. «Үштүстілер» алты ойында бес рет жеңіске жетіп, бір мәрте тең нәтиже тіркеді.

Еске салсақ, Франция мундиальға жолдаманы өткен турда алып қойған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram