17.11.2025 02:47
Норвегия Әлем чемпионатына жолдама алды
17.11.2025 02:47
2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу турнирінің соңғы турында Норвегия сырт алаңда Италияны тізе бүктірді

Миланда өткен кездесу 1:4 есебімен аяқталды. Қонақтардың сапында Эрлинг Холанд дубль жасаса, Антонио Нуса мен Йорген Странд-Ларсен бір рет мергендік танытты. Ал «скуадра адузрраның» жалғыз голын Франческо Пио Эспозито соқты.
Осылайша Норвегия өз тарихында төртінші рет Әлем чемпионатына шықты. Ал Италия тоғыспа кезеңде жолдама үшін таласады.
Холанд бастаған команда сегіз ойынның бәрінде жеңіске жетіп, іріктеуді мінсіз аяқтады.
Айта кетейік, ӘЧ-2026 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.