17.11.2025 11:02
Холанд Мбаппемен теңесті
17.11.2025 11:02
Норвегия сырт алаңда Италияны 4:1 есебімен жеңіп, Әлем чемпионатына жолдама алды

Бұл матчта Эрлинг Холанд дубль жасап, Норвегия құрамасындағы 54 және 55-добын соқты.
Осылайша 25 жастағы шабуылшы халықаралық футболдағы голдар саны бойынша Килиан Мбаппемен теңесті.
Айта кетейік, Холанд мерейлі межені 48 матчта бағындырды. Ал Мбаппеге 55 гол соғу үшін 94 ойын қажет болды.