17.11.2025 14:16
«Реал» екі ойыншымен қош айтысады
17.11.2025 14:16
«Реал» екі ойыншымен қош айтыспақ

AS мәліметінше, клубтан қос қорғаушы Давид Алаба мен Антонио Рюдигер кетеді. «Бланкос» басшылығы бұл екеуінің жиі жарақат алатынына көңілі толмайды екен.
Алаба «Реал» намысын 2021 жылдан бері қорғап келеді. Ал Рюдигер қатарға 2022-де қосылды. Футболшылардың қазіргі келісімшарты келер жазда күшін жояды.
Айта кетейік, 12 турдан кейін 31 ұпай жинаған Хаби Алонсо шәкірттері Испания Ла Лигасында көш бастап тұр.