17.11.2025 18:18
Бразилия Франциямен жолдастық кездесу өткізеді
17.11.2025 18:18
Бразилия 2026 жылғы Әлем чемпионатының қарсаңында екі жолдастық кездесу өткізеді

«Пентакампеондар» мундиальға дайындығын пысықтау мақсатында АҚШ-та Франция және Хорватиямен шеберлік байқасатын болды.
Бұл жөнінде Бразилия футбол федерациясы Туниске қарсы ойыннан кейін ресми хабарлайды екен.
Айта кетейік, Карло Анчелоттидің шәкірттері келер жазда болатын АҚШ, Канада және Мексикадағы Әлем біріншілігіне жолдама алып қойды.