26.05.2026 15:20
Хави «Милан» бас бапкері атануы мүмкін
26.05.2026 15:20
Кеше, 25 мамыр күні «Милан» бас бапкер Массимилиано Аллегриді орнынан босатты

The Touchline хабарлауынша, Аллегридің орнын басуға қазір Хави басты үміткер болып тұр. Сондай-ақ Андони Ираола да «россонери» тізгінін ұстауы мүмкін. Бірақ клуб басшылығына Хави көбірек ұнайды екен.
Хави соңғы рет «Барселонаны» 2021-2024 жылдары аралығында жаттықтырған еді.