26.05.2026 13:02
Робертсон «Тоттенхэмге» ауысуы мүмкін
26.05.2026 13:02
«Ливерпуль» қорғаушысы Эндрю Робертсон мансабын «Тоттенхэмде» жалғауы мүмкін

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап бірнеше апта бойы келіссөз жүргізіп жатыр екен және Робертсон еркін агент ретінде Лондонның клубына ауысуға жақын. Сондай-ақ оған «Ювентус» қызығушылық танытуда. Жақын арада Эндрю өз таңдауын жасайды.
Робертсон 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпай, 2017 жылдан бері ойнап келген клубы «Ливерпульден» кететінін хабарлаған еді. Ол осы маусымда 36 матчта үш гол соғып, екі нәтижелі пас берді.