26.05.2026 12:44
Рюдигер «Реалда» қалады
26.05.2026 12:44
«Реал» қорғаушысы Антонио Рюдигер клубта қалады

Рамон Альварес де Монның хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2027 жылдың 30 маусымына дейін ұзартады.
Рюдигер негізі екі жылға созғысы келіпті. Бірақ «бланкос» 30 жастан асқан ойыншыларды тек бір жылға ғана қалдырады, сондықтан амал жоқ көнуге тура келген. Антонио Жозе Моуриньюдың шәкірті болғысы келеді.
33 жастағы неміс қорғаушысы Мадрид клубына 2022 жылы «Челсиден» еркін агент ретінде ауысып келген еді. Ол осы маусымда 26 матчқа қатысып, бір гол соқты.