26.05.2026 13:21
Рубен Диаш «Реалға» ауысуы мүмкін
26.05.2026 13:21
«Манчестер Сити» қорғаушысы Рубен Диаш клуб ауыстыруды жоспарлап жүр

El National хабарлауынша, ол Пеп Гвардиола кеткеннен кейін «Манчестер Ситиде» қалғысы келмейді. Сондықтан агентіне жаңа клуб іздеуді тапсырыпты. Ал оны біраздан бері «Реал» бақылап отыр екен.
29 жастағы португалиялық ойыншы «қалалықтардың» сапына 2020 жылы «Бенфикадан» 71,6 миллион еуроға келіп қосылған еді. Ол осы маусымда 33 матчқа қатысып, екі гол соқты.