09.03.2026 10:02

Хави: Месси «Барселонаға» ешқашан оралмайды

09.03.2026 10:02

Хави Мессидің «Барселонаға» ауысуы мүмкін болғанын және оған кім түрткі жасағанын айтты

— «Аргентина Әлем чемпионатын жеңген соң, Мессидің «Барселонаға» оралатыны шешіліп қойған дүние еді. Бірақ бұған Жоан Лапорта бөгет болды. Біз Ла Лиганың рұқсаты, тіпті Мессидің келісімін де алғанбыз. Алайда Лапорта оны қаламады. «Ла Лига қарсы», «Хорхе Месси (әкесі) көп ақша сұрады» дегеннің бәрі бос әңгіме. Тек Лапортаның өзі қомақты жалақы төлеуден қорықты. Тоқетері, Лапорта тұрғанда Месси клубқа ешқашан оралмайды»,— деді Хави.

Сондай-ақ 46 жастағы испан маманы «Барселонаға» ешқашан оралмайтын мәлімдеді.

— «Менің «Барселонадағы» дәуірім аяқталды, енді оралмаймын»,— деді ол.

Айта кетейік, Хави Каталония клубын 2021-2024 жылдары аралығында жаттықтырды. Ал оған дейін футболшы ретінде «блауграна» намысын 1997-2015 жылдары қорғаған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram