08.03.2026 22:52
Фоден «Барселонаға» ауысуы мүмкін
08.03.2026 22:52
«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Фил Фоден мансабын Испания чемпионатында жалғауы мүмкін

The Real Tolmie's Hairdoo хабарлауынша, 25 жастағы англиялық жартылай қорғаушыға «Барселона» көз тігіп отыр. Каталонияның клубы оны алдағы жазда қатарына қосқысы келеді.
Ал Фоден «қалалықтармен» келісімшартты ұзарту жөнінде келісімге келе алмай жатыр екен. Олардың қараша айында басталған келіссөз тұйыққа тіреліп тұр.
Фил осы маусымда 39 матчта 10 гол соғып, бес нәтижелі пас берді.