08.03.2026 18:54
Брандт АПЛ-ге ауысуы мүмкін
08.03.2026 18:54
«Боруссия» жартылай қорғаушысы Юлиан Брандт мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

Осыған дейін оның маусым соңында Дортмунд клубынан кететіні белгілі болған еді.
BBC хабарлауынша, оған «Астон Вилла» қызығушылық танытуда. Бирмингемнің клубы жақында ұсыныс жасауға дайындалып отыр.
29 жастағы неміс ойыншысы «аралар» қатарына 2019 жылы «Байерден» 25 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 32 матчта 10 гол соғып, үш нәтижелі пас берді.