08.03.2026 15:36
«Манчестер Ситиден» бір ойыншы кетеді
08.03.2026 15:36
«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Бернарду Силва жазда клубтан кетеді

Маттео Мореттоның хабарлауынша, қос тарап 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпайды.
Қазіргі таңда оған Сауд Арабиясының клубтары, «Барселона» және туған командасы «Бенфика» қызығушылық танытып отыр.
31 жастағы португалиялық ойыншы «қалалықтардың» сапына 2017 жылы «Монакодан» 50 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 38 матчта екі гол соғып, бес нәтижелі пас берді.