08.03.2026 13:25
Кварацхелия АПЛ-ге ауысуы мүмкін
08.03.2026 13:25
ПСЖ вингері Хвича Кварацхелия мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

Fichajes хабарлауынша, 25 жастағы грузиялық вингерге «Ливерпуль» мен «Арсенал» қызығушылық танытуда. «Арсенал» оны келер жазда қатарына қосқысы келеді. Ал «Ливерпуль» өкілдері қазірдің өзінде Хвичаның өкілдерімен келіссөз жүргізіп жатыр екен.
Кварацхелия Париждің клубына 2025 жылдың қаңтар айында «Наполиден» 80 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 34 матчта тоғыз гол соғып, алты нәтижелі пас берді.